Артур мен Райымның шығармашылығынан тағы бір шикілік.

Сообщить о проблеме с эфиром

Шет елдік музыканттардың туындысына жиендік жасауды, Артур мен Райым үйреншікті әдетке айналдырғандай. Алғашқыда Адамбайдың ашуын туғызған рэперлердің, енді «БН» тобымен шырқаған әні де ұрланған болып шықты. Көрейік!

Иә, атышулы рэперлердің «БН» тобымен бірігіп жазған әні де – ғаламтордан ұрланған. Әдетте, авторлық құқықты аузына да алмайтын Артур мен Райым, бұл жолы «Лучший» әуеніне рұқсатсыз қол сұққандарын өздері мойындапты.

«BN» тобы:

-Олар айтты басында. Ютуб желісінен біз минусты алдық. Сол минусқа біздің мотив жатып қалды. Бұл негізі интернеттің әні деп айтты. Біз бірден түсіндік те, жаңаша аранжировка жасаттық.

Соңғы уақытта «БН» тобы дуэт жазуды әдетке айналдырғандай. Бұл ұжым таяуда Шоқан Уәлихан атты жас әншімен, Хайнань аралында клип таспалап қайтыпты. Аспан асты еліндегі түсірілімде, тіл мәселесі оларды әбден әбігерге салған сыңайлы.

«BN» тобы:

-Қытай елінде тек қана қытайша сөйлейді екен. Не ағылшынша түсінбейді. Не орысша түсінбейді ешкім. Сол себепті біраз біз қиналып қалдық.

Десек те, тығырыққа тірелген түсірілім тобына, Қытайдағы қазақ қыздары көмекке келіпті.

«BN» тобы:

-Оларды инстаграм желісі арқылы тауып алдық. Олардың көмектері өте мол тиді. Өйткені біз катер ала алмай қалдық, бізге запрет қойды ма, біз түсінбедік тілдерін. Соларды тауып алып, кішкене сөйлесіп, солардың арқасында катер алып, клипті катерде түсірдік.

«БН» мен Шоқанның шырқайтын әні - «Ұнаттым» деп аталады. Бейнебаян сюжетінде, жастардың аралдағы сауық-сайраны суреттелген. Қос ұжымның жаңа жұмысы, жақын күндері жарыққа шықпақ.