Санжар Мәди ресейлік картинаға қалай шақырту алған!

Сообщить о проблеме с эфиром

Сочиге аттанған отандасымыз Санжар Мәди, ресейлік «Бөтен емес» картинасын ел назарына ұсынды. Еске салсақ, лента «Кинотавр» байқауының жүлдесіне үмітті.

Журналистермен басқосуда сөз сөйлеген Санжар, аталмыш картинаны таспалау оңай соқпағанын алға тартады. Ал, марқұм Вера Глаголева Мәдиевты бірден бас кейіпкер ретінде көрген екен.

Санжар Мәди, актер:

-Менің телефоныма хабарласып, Мәскеуге кастингке шақырды. Кездесу кезінде Вера маған басқа актерды қарастырмаймын деп, басты рөлге бекітілгенімді айтты. Бұл менің өмірімдегі ең қысқа кастинг.

Санжарға лентада еңбекші-мигранттың рөлі бұйырған болатын. Ал, ресейлік кинотуындының авторлары, отандасымыздың жұмысына дән риза.