«Трансформерлер» фантастикасы шығады!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Трансформерлер» фантастикасының жанкүйерлеріне жағымды жаңалық! «Бамблби» есімді тағы бір құлтемір, өз хикаясымен бөлісуге әзір. Аталмыш картина алғашқы жолашарларының табысын қайталай ала ма?

Бұл жолы оқиға желісі сонау 80-ші жылдардан өрбімек. Бас кейіпкер – сары түсті Volkswagen-ді Чарли есімді ару тауып алады. Содан бері, автобот шытырманға толы ғұмырды басынан өткерген. Ал, аталмыш фантастикалық туындының режиссерлық тізгіні Трэвис Найтқа бұйырған еді.

Питер Джексонның да ұсынары бар! Жаңа «Жыртқыштар қаласының шежіресі» қиял-ғажайып лентасы, режиссердың бұрынғы фильмдерінен өзгерек. Мұнда болашақта алпыс минуттық алапат соғыстың салдары сипатталған. Картинада ГЕра ХИлмар, Стивен Лэнг сынды актерлерді байқауға болады.

Warner студиясы болса, өзінің «Лего» атты хит туындысы арқылы көрерменді таңқалдыруға ниетті. Анимацияның жалғасында Дубло планетасының құбыжықтары, Эмметтің достарын алып қашады. Енді, сап-сары балақай қалай да тығырықтан шығар жолды табуы тиіс!