Джениифер Лоуренстің картинасы отандық прокатта көш бастады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Том Круздың туындысына киносүйер қауым шілде айынан бастап, өз бағасын бере алады. Ал, өткен уик-эндте отандық прокатта бірден үздік шыққан, Дженнифер Лоуренстің «Қызыл торғай» картинасына, көремен қанша миллионын жұмсады?

Алғашқы аптада-ақ отандық прокатта, Дженнифер Лоуренс басты кейіпкерлік еткен, «Қызыл торғай» картинасы 44 млн теңгемен үздік шықты. Фильмде, Ресей елінің тыңшысына айналатын қыздың тағдыры баяндалады. Туынды 2013 жылы жарық көрген, Джейсон Мэттьюстің романы желісінде таспаланған. Шытырман оқиғаға толы лента, көремендерге ұнап жатқаны анық.

Ал, «Дэдпулдың» жаңа бөлімі, әлі де екінші орнын сақтап тұр. Картина үшінші аптада 20 млн. теңгеге жуық қаржыға кенелді. Көмекке зәру жандарға, әрдайым қол ұшын беруге әзір каһарман, жаңа хикаяға тап болмақ. Ол өзіне жақын жандарды құтқару үшін, өмірін қиюға да әзір. Блокбастер, табынушыларын біраз уақытқа дейін қуантуды көздейді.

«Хан Соло:Жұлдызды шайқас. Шежіре» картинасы 16 млн-ға жуық пайдамен үздік үштікті түйіндеді. Аталмыш туынды тоғыз бөлімнен тұратын «Жұлдызды шайқас» фильмінің екінші спин-оффы. Фантастикада, Хан Солоның жастық шағы мен сенімді серігі Чубакка екеуінің бастан кешкен оқиғасы баяндалады.