Билборд чарты үздіктерді анықтады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Билборд чарты да табысы жағынан өз мықтыларын анықтауда! BTS немесе Шон Мендес, әлде Карди Би?! Ең таңдаулылар тізімінде, үздік атануға кім лайық?

Жас болса да, бас болып жүрген Шон Мендестің өзі аттас альбомы «Билборд» көшін бастады. Сатылымы мен тыңдалымы жағынан оза шапқан музыканттың, аталмыш чартта табылуы алғаш рет емес. Небәрі 15 жасында, Мендестің әні үздік деп танылып, ол Билборд тарихында жетістікке жеткен алғашқы жасөспірім атанған еді.

Рокстар трэгімен топжарған Post Malone да, мықтылар қатарынан табылуға қауқарлы. Музыкант жуырда ғана beerbongs & bentleys альбомын ұсынған болатын. Жаңа жинақ тізімнің екінші орнын еншілегеніне қарғанда, көптің көңілінен шығып жатқандай.

Сегіз аптадан бері Карди би - Invasion Of Privacy альбомымен үздіктер қатарынан қалысар емес. Түрлі вайндар түсіріп танылған ару, кезінде мұндай жетістікке жетемін деп, еш ойламағаны анық.

Билборд чартында күллі кей-поперлердің сүйіктісі - BTS- ке де орын бар! Корейлік музыканттардың Love Yourself: Tear әнжинағы алтыншы орында.