«Оушеннің 8 құрбысы» Қазақстанға қашан келмек?

Сообщить о проблеме с эфиром

Сандра Буллок, Кейт Бланшет, Энн Хэтэуэй мен Сара Полсон бас қосып, қызу әңгімеге кірісті. Актрисалар кеше ғана өткен «Оушеннің 8 құрбысы» картинасының премьерасын талқылаған еді. Жұлдыздардың сөзінше, лентаның жалғасы таспаланып қалуы да әбден мүмкін.

Түрмеден босап шыққан Дэбби есімді ару, кезекті қылмысқа баруды жоспарлайды. Бағалы гауһар алқаны қайтсе де ұрлауды көздеген ол, бұл іске 7 бірдей құрыбысын қосады...

Аталмыш лента, әйгілі «Оушеннің 11 жолдасы» фильмінің ремейгі болып саналады. Бұл жолы баукеспе серілердің орнын, арулар басқан. Сандра Буллок, Кейт Бланшет пен тіпті әнші Рианнаны да осы фильмнен тамашалай аласыз.

Энн Хэтэуэй, актриса:

-Басты рөлдерді сегіз арудың бірлесе сомдауы - керемет құбылыс. Лента көтеріңкі көңіл-күй сыйлай алады, аздап саяси астары да бар.

Мәселен, картинаны қайта таспалау ісі, атышулы Харви дауынан соң қолға алынған еді. Ал, продюсер оқиғасының, бұған еш қатысы жоқ дейді киногерлер.

Сандра Буллок, актриса:

-Лентада ең бастысы – аруларды барынша жан-жақсы, сұлу, мықты қылып көрсету керек болды. Рөл ойдағыдай жүзеге аспай қалғанда, фильм де дұрыс шықпас еді. Сондықтан, барымызды салуға тура келді.

Ал, «Оушеннің 8 құрбысы» көп ұзамай Қазақстанға да келмек. Лента, маусымның 14-інен бастап, үлкен экрандардан көрсетіледі.

Ал, актриса Тони Колетт бүгіннен бастап отандық көрерменге жол тартқан, «Реинкарнация» картинасын танысытыруға асық. Қорқынышты сәттерге толы хоррор, Эннидің бастан өткерген мистикалық хикаясын баяндайды.

Тони Коллет, актриса:

-Осы күнге дейін талай туындыларға түсіп үлгердім. Бірақ, дәл осы сценарийді оқығанда аздап таңырқадым. Кез-келген фильмнің өз көрермені болады. «Реинкарнация» да өз көрерменін табуы тиіс.