Эмбер Хердтің жүрегін жаулаған сері кім?

Сообщить о проблеме с эфиром

Әйгілі америкалық актриса Эмбер Хердтың, басты рөлдерден әзірге дәмесі жоқ. Керсініше, оның өмірінде негізгі кейіпкерді сомдайтын жан пайда болған. Голливудтық сұлудың, көңіл жарастырған серісі жайлы не білеміз?

32 жастағы актрисаның, Вито Шнабель есімді өнер әлемінің өкілімен көңіл қосқанына, бірнеше ай болған көрінеді. Эмбердің таңдауы, Хайди Клум, Деми Мур сынды актрисалардың экс-сүйіктісі болып шықты. Оның өзі де жақында ғана миллиардер сері - Илон Маскпен, қош айтысқан еді. Көп уақыт күтпей жаңа ғашығын жолықтырған арудың, тіпті, тұрмыс құру да ойында бар екен.

Бекхэмдер отбасы, қайырымдылықпен айналысуда. Жұлдызды жұп, жақында өткен, Гарри ханзада мен Меган Марклдің үйлену тойына киген киімдерін бәссаудаға қойған. Олар, өткен жылы Манчестер қаласында болған терракттіден, зардап шеккендерді осылай қолдамақ ниетте екен. Ал, Виктория сылқымның, дизайнерлік туындыларының бастапқы бағасы әлі белгісіз.

Тейлор Свифт көптен күткен «Babe» әніне арналған, жаңа бейнебаянының тизерін ұсынды. Бұл трек, Тейлордің репертуарында 2012 жылдан бері бар екен. Алайда, сандығына сары майдай сақтап жүрген туындысын, жұлдыз тыңдарманға тарту етер уақыт енді келді деп шешкен. Поп-орындаушының жанкүйерлері, таспаланған жаңа клипті таяу күндері тамашалай алмақ.