Стив Аоки тың туындысын таныстырды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Әлемге танымал диджей - Стив Аоки «Pretender» әніне жаңа бейнебаян ұсынды. Музыкант туындысы арқылы, әлеуметтік желіге құштар жандардың, жан дүниесін жеткізуге тырысқан. Ал Стивтің трегі тыңдармандарының көңілінен қаншалықты шықпақ?

Стив Аоки, «Pretender» альбомының кезекті трегін, күні бойы әлеуметтік желіде отыратын жандарға арнаған. Таспаланған бейнебаян сюжетінде музыкант та, ғаламтор әлеміне сапар шегеді. Ал, диджейдің тың туындысына, америкалық хип-хоп орындаушы Lil Yachty мен AJR тобы қолдау көрсеткен.

 

Британдық әнші Лили Аллен «Lost My Mind» әніне түсірген туындысын таныстырды.Трек оның, төртінші үнтаспасына енетін хиттердің бірі екен. Лили, бұл альбомын жарыққы шығаруға 3 жыл көлемінде дайындалыпты.

Ұзақ уақыт тыңдармандарын жаңа жұмысымен қуантуды қойған, Крис Браун болса «Hope You Do» әнін ұсынды. Сері кезекті туындысында, поп-музыка патшасы Майкл Джексонның, билеу стилін қайталауға тырысқан. Кристің бұл қадамын көпшілік қолдаса да, кейбір жанкүйеріне жақпаған екен.

Black Star лейблінің әншісі - МС Дони, «Осколки» атты әніне клип таспалады. Ресейлік музыкант бейнебаянда, отбасылық өмірдің қыр-сырын суреттейді. Оның кезекті видеосы, бірнеше сағаттың ішінде, 300 мыңға жуық қаралым жинап үлгерген.