Санжар Мәди қандай образды армандап жүр?

Сообщить о проблеме с эфиром

Кинофестивальдер мен премьералардан қолы босамайтын Санжар Мәди, кезекті картинасын таныстыруға Алматыға келді. Өнерпаз, бұл күндері кей режиссерлардан шақыртуды күтіп жүргенін жасырмады. Актердың арманына айналған образдар қандай?

Күні кеше, «Кинотавр» фестивалінде су жаңа картинасын ұсынған Санжар Мәди, тағы бір тың туындысын таныстыруға әзір. Ол, көпке таңсық, әрі үрейлі сәттерге толы ресейлік «Естелікке сурет» хоррорында төбе көрсеткен еді.

Санжар Мәди, актер:

-Алғаш рет хоррор жанрында жұмыс істеп отырмын. Картина сапалы әрі сәтті шықты. Бюджетінің өзі қомақты, 1,5 млн.долларды құрайды. Сондықтан, жолым болды дей аламын.

Актер үрейлі лентадағы өз кейіпкерінің өлімінен де еш қорықпаған. Қазақтың «Әміресі» кейбір картинаға түсу үшін, қажет болса шашын бояп, жаға ұстатарлық өзгерістерге баруға да дайын.

Санжар Мәди, актер:

-Мен партизандық кино, арт-хаус, авторлық лента түсіретін режиссерлардан шақырту күтіп жүрмін. Өкінішке қарай, ұсыныс жоқ. Тіпті, сол үшін шашымды бояп, салмақ қосып, иммиджимді түгелдей ауыстыруға де келісер едім.

Ал, әзірше Санжар түсірім алаңын шықпай, бұйырған рөлдерге қанағат етумен жүр! Алайда, актер шағымдану мен менсінбеушіліктен аулақ. Себебі, оның қазірдің өзінде жоспарлары мен жобалары жетерлік.

Санжар Мәди, актер:

-Дәл қазір бірнеше жобада қатар жұмыс істемекпін. Соның бірі – шынайы оқиға желісімен таспаланған отандық мелодрама. Ал, екіншісі – өздеріңіз білетіндей моңғолдық жоба.