«Блэк дайлдың» экс-мүшелері, Есболат Беделханға 96 миллион төлемейді

Сообщить о проблеме с эфиром

96 миллион төлемейміз! Бұл «Black Dial» тобынан тосыннан кеткен жігіттердің, Есболат Беделханға берген жауабы. Жыл басындағы жанжалдың соңғы нүктесін қойған кью-поперлерге, бұрынғы басшылары да ауыз ашпаған. Сонда, ұстаз бен шәкірттердің қарым-қатынасы түзелді ме?! Серікқазы Аязбаев айтады!

«Блэк дайлдың» бұрынғы мүшелері Тэдди мен Эл қазір мүлдем өзгерген. Олар отандық шоу-бизнеске Эско мен Тико есімді лақап атпен қайта оралды. Жақында жаңа топ құрған жігіттер, ұжымды «Е-кью» деп атапты.

«EQ» тобы:

-«EQ» дегеніміз, бұл адамның бойындағы эмоцияға жауап беретін элемент. Яғни қасиет. Яғни, біз өзіміздің әндеріміз арқылы, өзіміздің тыңдармандарымызғағ көптеген эмоциялар сыйлауға дайынбыз.

«Блэк дайлдан» жеке кеткен өнерпаздар, Есболат Беделханмен арадағы теке-тіреске де нүкте қойған. Олар, бұрынғы басшылары талап еткен 96 миллион теңгені төлемейді. Топқа да, сотқа да бармайтын болыпты.

«EQ» тобы:

-Біз ешкімге ештеңе төлемейміз. Себебі бұл түсініспеушілікті, өзара келіспеушілікті шешіп тастадық. Уайымдамаңыздар, қам жемеңіздер. Бәрі жақсы, бәрі керемет!

Ескелді мен Самат «Black Dial» қатарында жүргенде, тек рэп орындаушылар рөлінде тер төккен еді. Бұл жолы, сахналық образдарына дейін толықтай өзгерткен өнерпаздар, жаңа топта әнді де қатар шырқамақ.

«EQ» тобы:

-Біз тек қана рэп орындаушылар емес, онымен қоса вокалды да көрсетіп, би жағынан да көрсетіп, толықтай кью-поп жанрында болуымыз қажет. Сондықтан да, біз тек қана рэп бағытында емес, өзіміздің стилімізді 180 градусқа өзгерткен болатынбыз.

«EQ» тобы, ресми түрде жұмысын таяуда ғана бастағанымен, аталмыш дуэттің репертуарында 10-нан астам ән бар екен. Жуырда «Дәрумен» атты дебюттік трекке бейнебаян таспаламақ. Әзірге тек аудио-нұсқасы даяр!