«Қазақша бизнес» комедиясының жалғасын таспаланбақ!

Сообщить о проблеме с эфиром

Өнер саласында 17 жылдық тәжірибем бар деген Нұрлан Қоянбаев, өтімді әзіл жазуда өзгелерге кеңес беруге дайын! Жастармен кездесіп, табыстың құпиясымен бөліскен ол, тағы бір комедиясын түсіруге кіріспек. Ал, оның кезекті лентасы қандай болмақ?

Әрдайым көрерменді күлкіге қарық қылып жүрген Нұрлан Қоянбаев, бұл күні аса салмақты. Әзіл әлемінің майталманын Алматылық жастар маңызды жүздесуге арнайы шақырған еді.

Нұрлан Қоянбаев, кинородюсер, тележүргізуші:

-Енді, қатты дайындалдым деп айта алмаймын. Барынша, бастысы шынайы айту. Осы 17 жылда, 2001 жылдан бері әзіл әлемінде жүрмін ғой. Сондықтан да, тәжірибеммен бөлісемін.

Жинаған тәжірибемнің арқасында, айтарым мол деген Қоянбаевтың, соңғы кездері жарғақ құлағы жастыққа тимей жүргені тағы бар. Танымал тележүргізуші әрі продюсер, кезекті картинасын таспалаудың қамымен әлек.

Нұрлан Қоянбаев, кинородюсер, тележүргізуші:

-Шілде айының соңғы күндері, тамыз айының басында біз «Бизнес по-казахски» картиасының жалғасын түсіреміз деген шешімге келдік. Өйткені ғаламтор арқылы, көптеген адамдардың тілектерін оқып, сондай шешімге келдік.

Көрерменнің қалауын құп көрген Нұрланның айтуынша, қазақстандық бизнесмендер хикаясы енді өзге елде жалғаспақ. Алайда, кейіпкерлердің нақты қай мемлекетте кәсібін дөңгелетіп көретіні әлі белгісіз.

Нұрлан Қоянбаев, кинородюсер, тележүргізуші:

-Келіссөздер жүріп жатыр әлі. Қазір екі жер болып отыр, Дубай мен Африка. Үшінші кинода біз басқа менталитетке келуіміз керек. Мысалы, көшпенділер басқа менталитетпен кездесу керек. Арабтармен немесе африкандықтармен. Қаражат жағын енді, құдайға шүкір ағаларымыз бар елде, демеушілер бар. Алып шығармыз.

Ал, ел сұраған комедия осы жылдың аяғында жарық көреді деп жоспарлануда. Олай болса, Қоянбаевтан тағы бір тың туынды күтеміз!