Қалыңдық Кристен Беллды, айттырған жігіті тойда тастап кетті!

Сообщить о проблеме с эфиром

Голливуд жұлдызы Кристен Белл тығырыққа тап болды! Ақ көйлегін киіп, қалыңдық атанған актрисаны, дәл тойының алдында жігіті тастап кете барған. Енді өнерпаз ару, мұндайды ешкімнің басына жазбасын деп отыр. Ғашықтардың арасына от салған не нәрсе?!

Кристен Белл дәл осындай ыңғайсыз күйге, кезекті картинасында түскен. Актриса төбе көрсеткен «Like Father» комедиясында, бас кейіпкерді сүйген жігіті нике қию салтанатында тастап қашады. Есесіне, шырқы бұзылған тойға қалыңдықтың балалық шақтан бері көрмеген әкесі келген. Енді, тауы шағылған ару ештеңеге қарамастан, ет жақынымен демалысқа аттануды жөн көреді. Бар қызық дәл осы саяхаттан басталған еді...

Нетфликстен тағы бір тың туынды! Майка Монро, Эд Скрейн, Гари Олдман бірігіп «ТАУ» фантастикасын ұсынады. Лентада Джулия есімді бойжеткен, ғылыми тәжірбиенің құрбанына айналған. Жаңа технологиялар тұтқыны атанған ол, өзгелер жапа шекпеуі үшін өз жанын құрбан етпек. Шытырманға толы аталмыш фильм, осы айдың 29-нан бастап көрерменге жол тартпақ.

Ал, голливудтық жұлдыз Идрис Эльбаның жеке дара фильмге түсуге уақыты жоқ. Актер, әлемге әйгілі «Лютер» телехикаясына білек сыбана кіріскен. Киногерлер ұжымы болса, көптің көңілінен шыққан лентаның 5-маусымының тизерін ұсынған еді.