Майкл Джексонға ауқымды шоу арналмақ.

Сообщить о проблеме с эфиром

Әлемге әйгілі поп-музыка патшасы- Майкл Джексонға, ауқымды шоу арналмақ. Марқұм болған музыкантты еске алу кеші, 2020 жылға жоспарланып отыр. Нью-Йорк қаласында өтетін концертке, әншінің репертуарындағы тректерін, жаһанға мәлім жұлдыздар шырқамақ.

Майкл Джексон осыдан 9 жыл бұрын, 50 жасында өмірден өткен еді. Оның қалдырған музыкалық мұрасы, әлі күнге дейін үлкен сұраныста.

Ал, атақты өнер өкілін еске алу кешіне арналған концертке сценарий жазу, америкалық драматург - Линн Ноттайтқа бұйырыпты. 2020 жылдан бастап, Нью-Йорк қаласындағы ең үлкен көше - Бродвей, Майкл Джексонның есімімен аталмақ. Жоба авторлары, музыкантты еске алу шарасына, әлемннің әр түкпірінен жанкүйерлері жиналатынына сенімді.