«Ninety one» тобының кезекті бейнебаяны!

Сообщить о проблеме с эфиром

Көп ұзамай иглз, тағатсыздана тосқан «Найти уандықтардың» кезекті бейнебаянын тамашаламақ! Осыған орай, кью-поп орындаушылар су жаңа туынды мен алдағы жоспарлаған әнсапар жайлы тың деректермен бөлісті. Олай болса, «91» мүшелерін тыңдап көрейік.

«Ninety one» тобы:

-Негізі біз, 20-сына істегіміз келді камбэкты. Алайда, үстінен тағы қосатын заттар пайда болып қалды сол бейнебаянның. Және жалпы сол камбэктың концепциясын қарастыру жағы, ұзағырақ болып кетті.

Енді мемберлер, барша иглз сарыла тосқан камбэк, маусымның 25-сі күні болады деп уәде беруде. «Найти уандықтардың» айтуынша, бұл бейнебаян бұрынғыдан өзгерек шықпақ. Жігіттер, туындыда жеке кейіпкерлердің образын сомдаса, әннің өзі «махаббат» жайында екен.

«Ninety one» тобы:

- Махаббат деген сөздің мағынасын, жан-жақты қарастыру процесі жүрді осы өлеңнің ішінде. Және неге адамдар осы бір-бірімен қосылады, бір-бірімен қосылып қана қоймай, бір-бірімен айырылысады, неге мәңгілікке жүреді деген сияқты, тағы-тағы нәрселер осы жерде ашылады.

Ал, одан кейін кью-поп орындаушылары берген сертіне сай, Қазақстан бойынша турнеге аттанбақ. 16 қаланы қамтитын әнсапар, шілденің 31-і күні Астанадан басталады деп жоспарлануда. Тізімдегі елдімекендерге қатысты толықтырулар тағы да болуы мүмкін деген мемберлер, шығармашылық саяхатты Алматыда үлкен шоу-концертпен түйіндемек!

«Ninety one» тобы:

-Бәрі егер де дұрыс болса, біз 1-ші қыркүйек біз шынымен де өзіміздің дебютымызды тойлаймыз.