Сильвестр Сталлоне бапкерлік қызметке келмек!

Сообщить о проблеме с эфиром

Майталман актер - Сильвестр Сталлоне бапкерлік қызметке қайта кіріспек! Киногерлер «Крид-2» картинасының трейлерін ұсынды.

Еске салсақ, аталмыш лента 40 жылдық тарихы бар «Рокки» фильмінің жалғасы. Лентада, бокс жаттықтырушысын сомдайтын Сталлонеден өзге, Дольф Лундгрен және сиквелға жақында қосылған Майкл Джорданды байқауға болады. Ал, Сильвестр болса, бұл жолы тек актерлық шеберлігін паш етіп ғана қоймай, сценарий жазып, продюсерлік қызметті де өз мойнына алған көрінеді. Спорттық драманың әлемдік тұсаукесері, қараша айына жоспарланып отыр.