Қайта оралған «Суперотбасы-2» үздіктер көшін бастады!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Крид» картинасының екінші бөлімі отандық прокатта, қанша қаржы жинайтынын болашақта көре жатармыз. Ал, өткен аптада ғана, үлкен экрандарға жол тарқан «Суперотбасы - 2» анимациялық туындысы, бірден үздік шығып, қоржынын алғашқы миллиондарға толтырды.

Араға біраз жыл салып, сағынған жанкүйерлеріне жаңа хикаямен қайта оралған «Суперотбасының» екінші бөлімі, өткен уик-эндте 115 млн теңгеге жуық қаржы жинап, үздік шықты. Туынды, 2004 жылы жарық көрген аталмыш лентаның сиквелі. Жаңа оқиға желісінде отағасы балаларына бас көз болып жүргенде, жұбайы қаланы бұзақылардан құтқару жолында, түрлі шытырманға тап болады.

Сюжеті әркез тартымды «Юра дәуірінің әлемі-2» картинасы, өткен демалыста 46 млн теңгеден аса пайда тауып, екінші орында. Басты қаһарман - Оуэн, алып тұлғалы динозаврларды үлкен қауіп-қатерден арашалауда барын салмақ. Қиял-ғажайып лента, адам мен жануарлар арасында достықтың барын дәлелдемек.

Ал, «Мен ең сұлумын» атты америкалық комедия, 31 млн теңгемен үштікті түйіндеді. Картина АҚШ-тың өзіндегі ішкі айналымнан, 66 млн доллар көлемінде кіріс көрген екен. Арықтаудың қамымен талай іске ұрынатын құрбылардың хикаясы, кино сүйер қауымды күлкіге қарқ қылуда.