Тео Джемс пен Юэн МакГрегор бір қызға таласып жүр!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Дивергент» картинасымен танылған, Тео Джеймс «Зои» атты жаңа туындыда бой көрсетпек. Актерге, түсірілім алаңында Юэн МакГрегор серіктес болған. Қос әріптес, бұл жолы бітіспес бәсекелестердің рөлін сомдайды. Қиял-ғажайып әрі мелодрамалық туынды жайлы, тілшіміз тарқатады.

Мелодрамада, Зои мен Коул есімді ғалымдар заманауи технологияларға сүйеніп, адамдардың қарым-қатынасын жақсартуға бағытталған тәжірбиелері жасайды. Олар зерттеулерінің арқасында, ғашықтардың мінсіз махаббатқа ие болуына септігін тигізетін құрал ойлап таппақ. Фантастикалық туындыны ықыласты көрерменнің, 98%-ға жуығы асыға тосуда.

Голливудтық танымал актриса - Энн Хэтэуэй «Теңіздегі арбау» картинасын ұсынды. Фильмде, өзінің күйеуін өлтіру үшін, экс-ғашығына көмекке келетін әйелдің оқиғасы баяндалған. Триллер жанрындағы лента, 2018 жылдың күзінен бастап үлкен экрандарда.

Ал, танымал тележүргізуші Тиффани Хаддиш, өзінің актерлық шеберлігін шыңдауда. Ол, «Ақымақ емеспін» атты комедиялық туындыда басты кейіпкердің рөлін сомдаған. Аталмыш картина, ең алғаш 1994 жылы жарық көрген, режиссёр Роберт Бентонның фильмінің желісімен таспаланыпты. Күлкілі сәттерге толы лента, 2018 жылдың 8-ші қарашасында ұсынылмақ!