Әнші Рианна мен актер Роберт Па́ттинсон бірге ме!

Сообщить о проблеме с эфиром

Әнші Рианна да, жақында ғана жарық көрген «Оушеннің 8 құрбысы» картинасында басты кейіпкерлердің бірін сомдады. Поп-орындаушы, аталмыш туындының тұсауын кескен соң, жеке өмірін оңалтуды қолға алған. Рианна, енді актер Роберт Паттинсонмен көңіл жарастырған дейді жұрт.

Рианна мен Роберт Паттинсонды табыстырған, өнердегі әріптестері Кэти Пэри көрінеді. Кэтидің сөзінше, екі ғашық бір-бірі үшін жаралған. Тіпті, жұлдыздар қарым-қатынастарын сынға салу үшін, бірнеше мәрте романтикалық кездесулер өткізіпті. Танымал поп-орындаушы мен әйгілі актердың махаббат хикаясы, әлі талайды таңқалдырмақ деседі.

***

Ал, күні кеше босанған Ева Лонгория болса, Лос-Анжделестегі жекежайын сатылымға қойды. Актриса, үйін 11 млн АҚШ долларына бағалап отыр. Голливудтық жұлдыз түскен қаражатқа, ұлына сыйлық жасамақ ниетте екен.  Қаңырап тұрған зәулім сарайын саудалап, пайда көруді көздеген Еваның өзі, Санта-Моника қаласына тұрақтаған.

***

Ал, Marvel компаниясы өзінің әрбір қаһарманының құрметіне, жекелей фильм арнаудан жалыққан емес. Келесі картина, кек алушылардың бірі Скарлетт Йохонсонға бұйырыпты. Актрисаның кейіпкеріне, «Қара жесір» атты лента таспаланады. Тұсаукесері 2020 жылға жоспарланып отырған туындыға, австриялық Кейт Шортланд режиссерлық етпек.