Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы Головкин мен Альварес арасындағы жекпе-жекте тігілетін белбеудің дизайнын анықтады.

Сообщить о проблеме с эфиром

Бұған дейін, WBC ұйымы қос былғары қолғап шеберінің 15-ші қыркүйекте өтетін жекпе-жегіне арналған чемпиондық белдіктің, екі түстегі нұсқасының бірін таңдау үшін, жанкүйерлерден көмек сұраған еді. Дауыс беру нәтижесінде, Қазақстан және Мексика туларының суреті бар ақ белбеу басымдыққа ие болған. Атап айтсақ, Геннадий мен Сауль Мексиканың тәуелсіздік күні қарсаңында айқасқа шығады!