Әлемге танымал Барби роботқа айналды.

Сообщить о проблеме с эфиром

Енді кішкентай ханшайымдар жаңа қуыршақтармен бірге би билей алады.

Барби – ең алғаш, 1959 жылы АҚШ-тың Висконсин қаласында шығарылған. Жарты ғасырдан астам тарихы бар ойыншықтң, заманауи үлгісін жасап шығаруға, бірнеше жыл уақыт кетіпті. Ал, барби отбасына қосылған робот қуыршақ – 7 жастан асқан қыздарға арналған екен.

Жаңа ойлап табылған бұл ойыншық, бүлдіршін қыздарды өзінің түрлі қабілетімен қуантпақ. Ол сан-алуан стилдегі би өнерімен қатар, өз бетімен қозғалу сынды жаңа технологиялармен қамтылған. Бұрымдыларға арналған робот барбидің, енді компьютерлік ойыны да жарық көрмек.