Қазақстандық өнер өкілдері, әлем чемпионатында кімге жанкүйер?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Алты құрлықтың назарын өзіне аударған әлем чемпионаты, бүгінде нөмірі бірінші тақырып. Жаһандық футбол додасына келгенде, отандық жұлдыздар да қызуқанды жанкүйер. Бірі сүйікті футболшысын қолдаса, енді бірі ұнататын командасының жеңімпаз болғанын қалайды. Қазастандық танымалдардың болжамы қандай?!

Футболдан әлем чемпионаты - еңкейген кәріден, еңбектеген балаға дейін сүйсіне тамашалайтын спорт додасы. Қазақстандық шоу-бизнес өкілдері де бұл дәстүрден аттап кеткен емес.

Мейірхан Шерниязов, актер:

-Әлем чемпионатын қараудамыз, жақсы ойын болып жатыр, Бірақ, әрбір әлем чемпионатында жұлдыздар жарқ ететін, қазір ондай жұлдыздар табылып жатқан жоқ. Бірақ, кейбір құрама командалар мықты ойын көрсетіп жатыр...

Жаһандық футбол аламанында болып жатқан үлкенді-кішілі сенсациялар, Нұртас Адамбайды да елең еткізбей қоймаған. Азулы құрамалардың сүрінуі мен аутсайдерлердің күтпеген жеңісі, чемпионат шырайын кіргізетіні анық.

Нұртас Адамбай, актер, продюсер:

– Соңғы кездері алпауыт командалардың көпшілігі, өз деңгейін көрсете алмауда. Мен нақты бір құрамаға жанкүйер емеспін, тек матч барысында ойыны ұнаған елдің футболшыларын қолдаймын. Менің ойымша, биыл Испания немесе Португалия чемпион атанады.

Біржан Әшім, блогер:

– Мен негізінде Хорватия құрамасына жанкүйермін. Олардың Аргентинаға қарсы өткізген ойыны маған қатты ұнады. Дегенмен, бұл жолы Испания құрамасы чемпион атанатын секілді...

Мейірхан Шерниязов, актер:

- Хорватия болуы мүмкін, Испания жиналуы мүмкін, Португалияға қиын болады, жалғыз ойыншымен, полуфиналға дейін жетіп қалуы мүмкін, және Германия болуы мүмкін.

Біз пікірін сұраған танымалдардың басым көпшілігі, Испания құрамасы чемпион атанады деп болжауда. Бұл тізімге 1/8 финалға өтіп үлгерген Хорватия, Португалия, Уругвай, Аргентина, Франция сынды командаларды қосыңыз. Ізінше Бельгия, Англия мен Германия жалындап тұр. Дегенмен, жеңімпазды нақты білу үшін, футбол тойының матчын қалт жібермеңіз!