«Жыртқыш» фильмінің тұсаукесері

Сообщить о проблеме с эфиром

«Жыртқыш» фильмінің тұсаукесері кейінге шегерілді. Себебі, лентаның бір бөлігін қайта таспалауға тура келген. Енді, шытырман оқиғаларға толы картина, одан да қызықты болады деп күтілуде.

Аталмыш туынды - 20th Century Fox кино компаниясының, ең алғаш 1987 жылы жарық көрген «Жыртқыш» атты фантастикалық фильмінің сиквелі. Лентаға Шейх Блэк режиссерлық еткен.

Басты кейіпкердің мұраты - ғарыштан келген дұшпандардан Жер шарын аман сақтап қалу. Әлемді жаулап алу пиғылымен пайда болған жат планеталықтармен ашық айқаста, оған өзінің баласы қол ұшын созбақ. Себебі, кішкентай батырдың, қауіп-қатер төндірген құбыжықтармен тілдесе алатын қабілеті бар. Тамыз айында жарық көруі тиіс лента, енді қыркүйектің соңына қалып отыр.