«Орындалмас миссия» картинасының алтыншы бөлімі!

Сообщить о проблеме с эфиром

Жазғы маусымның ұсынары тек қана бұл емес. Себебі, Голливуд жұлдызы - Том Круздың шытырман оқиғаға толы - «Орындалмас Миссия-6» лентасы жарыққа шығуға әзір. Жаз айларында тұсауы кесілетін тың туындылар топтамасын ұсынамыз!

Қайта оралған Том Круз, өзіне бұйырған миссияны, мәресіне жеткізу үшін, жаңа команда жасақтамақ. Актер, шытырман оқиғаға толы картинадағы роліне, 1 жыл көлемінде дайындалған. Лента, 26 шілдеден бастап үлкен экрандарда

Дуэйн Джонсон болса ««Көк тіреген үй»» фильміндегі, жүктелген жұмысы үшін Қытайға аттанған. Бұрынғы FBI қызметкері бұл жолы, биік тұрғын үйдің қауіпсіздігіне жауап бермек. Ержүрек Дуйэнның, жаңа хикаясын 12-ші шілдеден бастап кинотеатрлардан көре аласыздар.

Ал, дәл осы күні отандық прокатқа «Құбыжықтар демалыста: Теңізге шақыру» анимациялық картинасы да үшініші бөлімімен қайта оралды. Отбасылық фэнтезида, Дракула өзінің ғашығын кездестірмек!

Әнші Кайли Миноуг «Аптап демалыс» картинасында бой көрсетеді. Жастық шағын еске алу үшін, достарымен тынығуға аттанатын әншінің сапары туралы фильм, 5 шілдеде, көрерменге жол тартады.

Ал, Голливудтық танымал актрисалар, «Мама Мия - 2» фильмінде, Грекияның ғажайып аралдарына жол тарпақ. Сылқымдардың кезекті саяхаты туралы комедия, тамыздың 16-да үлкен экрандарда.