«Галактика сақшылары» фантастикалық лентаның актерлері жұмыссыз қалды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Америкалық жұлдыз Мадонна өзі туралы лентаны тамашалауға асық! Киногерлер, әнші туралы байопик таспалауға кіріскен еді. Қалың көрермен болса, трейлері арқылы өз бағасын беріп үлгерді.

«Madonna and the Breakfast Club» атты картинада әншінің жастық шағы суреттеледі. Жұлдыздың рөлін сомдау актриса Джейми Олдқа бұйырған. Ал, лентаның қашан жарыққа шығатыны әзірге белгісіз.

«Галактика сақшылары» фантастикасының киногерлері жұмыссыз қалды! Сиквел жалғасының түсірілімі белгісіз уақытқа дейін тоқтатылған.

Бұған себеп, Джеймс Ганның режиссер орындығын босатуында. Әзірше, Дисней мен Марвел өкілдері, бұл оқиғаға қатысты қандай да пікір білдіруден бас тартуда.