Ченнинг Татум экс-жұбайымен нені бөлісе алмай жүр?

Сообщить о проблеме с эфиром

Голливудтық танымал актерлер, Ченнинг Татум мен Дженна Деван болса, 10 жылдық қарым-қатынастан кейін ажырасып, дос болып қаламыз деп уәде бергенді. Алайда, экс-жұбайлар, ортақ дүниелері мен жалғыз қыздарын бөлісе алмай дал болып жүр.

Дженна Деван 5 жасар қызы Эверлиді өз қамқорлығына алуды көздейді. Бұл жағдайға, Ченнинг та қарсылық білдірмеген. Ал актриса, Татумның алимент ретінде төлеп отырған қаржысын азсынған көрінеді. Қызымның болашығы үшін дегенді алға тартқан Дженна, актердың 60 млн долларға бағаланатын, дүние мүлкіне көз салып отыр.

Музыкант Дрейк болса, сүйіктісін кездестірген.Танымал әншінің жүрегін, 18 жастағы сәнбике Белла Харис жаулап алған. Сылқым рэперден бір елі ажырамай, концерттік турына да еріп барған көрінеді. Музыканттың өзі кезінде Никки Минаж, Рианна, Белла Хадид және Дженнифер Лопес сынды жұлдыздармен көңіл жарастырып үлгерген.

Актер Бен Афлек маскүнемдігінің кесірінен, әйелі Линдсей Шукуспен ажырасып тынды. Ішімдік актердің денсаулығымен қатар, мансабына да әсер еткен көрінеді. Тіпті киногерлер, Бен мырзаны Бэтменнің ролінен де шеттетуі мүмкін.