Қара нәсілділерді ғашық еткен Шәмшінің әні!

Сообщить о проблеме с эфиром

Музыканың ұлтқа бөлінбейтінін Шәмші шығармалары тағы бір мәрте дәлелдеді. Атақты сазгердің туындыларын енді қара нәсілділер құйқылжыта орындап жүр. Африкалықтардың жүрегін жаулаған қазақтың қай әні дерсіз? Қазір айтамыз!

Қазақтың музыкасына құмартқан қара нәсілділер - «Джамбо-джамбо» тобы. Осыдан 3 жыл бұрын орталық Африканың Конго республикасында құрылған ұжым, 2016-да Қазақстанға қоныс аударыпты. Біздің елде Шәмші шығармашылығына тәнті болған олар, Қалдаяқовтың «Мойынқұмда» атты әнін өз репертуарына қосып, енді клип те түсірген.

«Джамбо-Джамбо» тобы:

-Біз Шәмші Қалдаяқовтың бірнеше шығармаларын тыңдап, «Мойынқұмда» әніне тоқталдық. Бұл туындыны өзіміздің стилде әрлеп көрдік. Тіпті, жаңа нұсқаның ұнағаны соншалық композитордың ұлынан рұқсат сұрап, репертуарымызға қосқан жайымыз бар.

Жаңа клип қазақы нақышқа тұнып тұр. Бұл бейнебаянда қара нәсілді өнерпаздар ана тілімізге де құрметін көрсеткен...

Сондай-ақ, халқымыздың қонақжайлығы мен мейманға көрсетер ілтипатын да естен шығармапты...

Айтпақшы, тұсаукесерге Шәмшінің ұлы Мұхтар Қалдаяқов та арнайы келді. Қазақ әнін африкалық стильмен синтездеп, ерекше интерпритация жасаған қыз-жігіттерге композитордың ізбасары дән риза!

Мұхтар Қалдаяқов, Ш. Қалдаяқовтың ұлы, дирижер:

-Клипті өте жақсы шығарған. Дауыстары өте жақсы! Композитор не үшін ән жазады. Халық айтсын, халық жүрегінде сақтасын деп. Сол үшін мен қуанамын.

Сондай-ақ, африкалық өнерпаздардың жаңа видеосында отандық актерларға да орын табылыпты. Жастардың сауық-сайранын суреттейтін бейнебаянда, Артур Төлепов бой көрсетеді.

Артур Төлепов, актер:

-Жалпы бір мән-мағынасы онша емес, немесе көңілден шықпайтын дүние болмаса түспер едік. Сондықтан да екі жақты ұштасқан, жақсы бір дүние болған сияқты.