Дженнифер Лоуренс хакерлармен соттасып жүр!

Сообщить о проблеме с эфиром

Танымал актриса Дженнифер Лоуренс өзінің жалаңаш суреттерін желіге жүктеп жіберген бұзақылармен соттасуда. Ол өз абыройын айрандай төккендерді, енді заңмен жазаламақ ниетте.

2014-ші жылы, Дженнифер Лоуренс хакерлердің құрбаны болып, оның ұялы телефонынан 200-ге жуық суреттері ұрланған еді. Бірнеше жыл бойы іздеуде жүрген бұзақылар, күні кеше ұсталып, өз кінәларын мойындаған. Джордж Гарофано есімді жігіт, актрисаның фотоларын рұқсатсыз сатып пайда тапқан көрінеді. Енді, ол қылмысы үшін 8 айға бас бостандығынан айрылады.

Әлемге танымал музыкант Эд Ширан, енді актерлық қабілетін сынап көрмек. Ол, режиссер Дэнни Бойлдың аңызға айналған «Beatles» тобы туралы жаңа фильмінде бой көрсетіп, өзін-өзі сомдайды. Аталмыш лентада, «Битлз» төрттігіне шын жанкүйер болған жігіттің өмірі суреттелме.

Күні кеше қалыңдық атанған Ариана Гранде, өзінің болашақ күйеуі Пит Дэвидсон екеуіне арналған баспана сатып алды. Құны 16 млн долларды құрайтын пәтер Нью-Йорк шаһарында екен. Келешекте Ариана сүйіктісінен бір елі ажырамас үшін, Лос-Анджелес қаласына да көшуге дайын көрінеді.