Брэд Питтің басы дауға қалды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Голливудтық актер Брэд Питтің спортқа жаны құмар болса да, сайыстарға жанкүйерлік етуге мүлдем уақыты жоқ. Себебі жұлдыз, жасаған қайырымдылығының кесірінен сот алдында жауап беруге мәжбүр. Неге?

Брэд Питт, бірнеше жыл бұрын Катрина дауылынан зардап шеккен Жаңа Орлеан тұрғындарына, баспана салуға жәрдемдеседі. Актердің Make It Right атты жеке қорының есебінен тұрғызылған үйлер, қирап жатқан көрінеді. Енді жұрт, голливуд жұлдызының сот алдында жауап беруін талап етіп отыр.

***

Том Круз «Орындалмас миссия: Зардап» фильмінің тұсауын Пекин қаласында кесті. Актерге картинадағы әріптестері: Генри Кавилл мен Саймон Пег қолдау көрсете келген. Қытайлық көрермендер айтулы франшизаның 6-шы бөлімін тамашалау мүмкіндігі енді туып отыр. Ал, жуырда ғана жарық көрген лента, әлемдік прокатта 500 мың доллардай кассалық табыс жинап үлгерген.

***

Ал Бен Аффлектің қайта маскүнемдікке салынып кеткеніне, жанкүйерлері актердың жаңа ғашығы Шона Секстонды кінәлайды. 22 жастағы сәнбике ішімдікке әуестігі салдарынан, кезінде қамауда да болған көрінеді. Ал бүгін Шона, Аффлекті оңалту орталығына емделуге жібергенін жариялады. Дегенмен, жұрт Беннің мүшкіл күйге түсуі, жас қыздың кесірінен деп топшалауда.