Ким Кардашьянның «ұсқынсыз» суреті!

Сообщить о проблеме с эфиром

Голливуд болса, Ким Кардашьянның табиғи болмысын талқылауда. Өзінің бояусыз бет-әлпетін көрсеткен Ким, біраз сынның астына қалған.

Табиғи сұлулығын жанкүйерлеріне көрсеткісі келді ме, Ким бояусыз түскен фотосын желіге жүктейді. Оқырмандарының біразы, бикешті ұсқынсыз деп сынның астына алды. Аса көңілі қалғандардың сөзінше, ол әрдайым опа-далаптың арқасында ғана ажарланып жүреді екен. Бұл Ким үшін үлкен сабақ болған секілді.

Ал, «Өсекші» телехикаясының жұлдызы Эд Вествик бойдақтар қатарына қайта қосылды. Актер сәнбике Джессика Серфатимен ресми түрде қош айтысқан. Бұған себеп, жұлдызды жұптың бір-біріне деген сезімдерінің суып кеткен деседі. Кезінде актрисалар: «Эд біздің ар-намысымызды таптады» - деп айып таққанда, қасынан табылған тек Джессика ғана еді.

Меган Маркл мен Гарри ханзада Лондонға жиналған «WellChild Awards 2018» премиясының үміткерлерін құттықтады. Бұл марапат, денсаулығы нашар балаларды қолдау мақсатында, жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылады. Корольдік отбасы мүшелері де, қайырымдылық жобаға бірнеше жылдан бері қолдау көрсетіп келеді екен.