Ашулы Эминем!

Сообщить о проблеме с эфиром

Америкалық рэпер Эминем, хейтерлерге деген ашуын жаңа бейнебаяны арқылы тарқатқан. Музыканттың «Fall»\Фол атты даулы трегі жайлы тыңдармандарының тұжырымы да сан-алуан.

Бұл ән Эминемнің жақында жарық көрген, «Kamikaze» альбомына енген. Бірнеше сағаттың ішінде 5 млн-нан астам қаралым жинаған туындыда, музыкант мазасыз БАҚ өкілдері мен өзін сынағандарға ренішін ашық білдіреді. Жағымсыз пікірлерден қашып құтылмақ болған рэпер, адал жанкүйерлерінің қолдауына зәру болып жүргендей.