Жасы келіп босанған жұлдыздар!

Сообщить о проблеме с эфиром

Ештен, кеш жақсы! Памела Андерсон 51 жасқа келгенде ана атануға шындап бекінген. Америкалық актриса өзінен 20 жас кіші сүйіктісі - Адиль Рами есімді футболшыға ұрпақ сыйлауға ниетті екен. Бұл қаншалықты денсаулыққа қауіпті? Ал, қазақстандық шоу-бизнесте жасы келіп ана атанған танымалдар кімдер?

Памела Андерсонның, Брэндон және Дилан есімді 20-дан асқан екі ұлы бар. Өзінің қазіргі сүйіктісі - футболшы Адиль Рамимен 19 жас айырмашылығына қарамастан, актриса бала көтеру үшін барлық мүмкіндікті қолданбақ екен. Ол үшін өнер иесі, ұрықтандыру процессін де байқап көрмек.

Америкалық әнші Джанет Джексон, 50 жасында тұңғышын босанған болатын. Бірнеше ай бұрын актриса Ева Лонгория да, ең бірінші сәбиін 43-тен асқан шағында еш қиындықсыз дүниеге әкелді.

Ал, жасы келіп ана атанған отандық шоу-бизнес өкілдерінің қатарында: скрипкашы Лана мен журналист Айгүл Мүкей де бар. Лана, өз уақытында тіпті, аяғы ауыр екенін жасыруға тырысқан. Себебі, 45 жастан асқан шағында босанар алдындағы көз бен сөзден қорыққан екен.

Танымал тележүргізуші Айгүл Мүкей болса, тұңғышы Асанәліні денсаулығына байланысты жасанды ұрықтаныдырудың көмегімен дүниеге әкелген еді. Араға алты жыл салып, қырықтан асқан шағында, екінші рет ана атанды. Ал, әріптес-құрбысының бұл қуанышынына ортақтасқан Ләйлә Сұлтанқызының, ұрпақ өрбітуде өз түйгені бар.

Ләйлә Сұлтанқызы, тележүргізуші:

-Маған кейде кейбір қыз келіншектердің бір қатты ойланбай, айтып қалатын кездері ұнамайды. «Осы әйелдер ерігіп жүре бергенше бала тумайма» деген сияқты. Ең бірінші әйел өзінің денсаулығын білген жағдайда ғана, мүмкіндігі болған жағдайда ғана өмірге әкелген дұрыс қой.

Ләйлә ханым, бала сүйюде «ерте» немесе «кеш» деген ұғымның жоқтығын айтады.