Том Круздың жаңа блокбастері!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Орындалмас миссия» фильмінің жаңа бөлімі болса, жаһандық кино айналымды шулатып үлгерді. Аталмыш картинада басты рөлді сомдап келе жатқан Том Крузды, көрермені шындап сағынған секілді. Ең қауіпті трюктердің бәрін өзі сомдайтын актер, бұл жолы несімен таңқалдырды екен?!

Әйгілі тыңшы Итан Ханттың шытырман оқиғалы хикаясы, өткен уик-эндте 89 млн доллар қаржыны қоржынына салды. Том Круз бұл картинадағы қауіпті трюктердің барлығын өзі орындап шығу үшін, бір жыл дайындалып, тіпті тікұшақ басқаруды да үйренген. Актер аяғынан жарақат алғанда, түсірілім жұмыстары бірнеше айға тоқтап та қалған екен. Арнайы эффектілер көп қосылмаған бұл кинотуынды, көрерменді шынайылығымен баурап алған секілді.

***

«Мег: Тұңғиықтағы құбыжық» атты лента өткен бес күндікте 18 млн долларға жуып пайда тапқан. Ұзындығы 23 метрді құрайтын жыртқыш акула жайлы картинада - басты рөлді Джейсон Стэйтем сомдайды. Ол атышулы құбыжық балықпен көп жылдан таныс. Көпшілік оны өлдіге санаған еді. Енді, әйгілі актер оның қауіпінен Тынық мұхитының түбінде қалған зерттеушілер тобын құтқаруы тиіс.

***

«Құмырсқа адам мен Ара» жайлы кинолентаның бір апталық табысы жаман емес. 16 млн доллардай кіріс көрген Marvel туындысы бұл жолы ды қызыққа толы секілді. Фантастикалық боевиктің басты кейіпкерлері, қауіп-қатермен күрестің жаңа жолына осылайша қайта түспек.