«Ринго» тобының жаңа бейнебаяны!

Сообщить о проблеме с эфиром

Біраз уақыт тыңдармандарын қуантуды қойған «Ринголық» серілер, ел алдына қайта оралды. Тіпті, жақында ғана жаңа видео ұсынған төрттік, келесі бейнебаянның түсіріліміне де кірісіп кетіпті. Ал, жігіттердің біраз уақыт үнсіздікте жүруінің себебі неде?

13 жылдан бері талай тыңдарманның жүрегін жаулаған «Ринго» тобы, әлі күнге дейін сұраныста. Алайда, ұжым мүшелері жеке өмірлеріне біраз уақыт бөліп, шығармалықтарын шетке ысырып қойған еді.

«Ринго» тобы:

-Жанұя құрдық, балалы-шағалы болдық. Енді қазір әкенің рөліне, ата-ананың рөліне біраз бейімделіп, қой, құрсын үзілісіміз қатты ұзақ болып кетті, енді жұмысты қайтадан жалғастырайық деген шешімге келдік.

Өнер жолына қайта оралған төрттіктің, бір апта бұрын «Money T» атты клипі жарық көрген болатын. Мұнымен тоқтамаймыз деген «Ринголықтар» тағы бір жаңа бейнебаян түсірілімінде тер төгіп жүр.

«Ринго» тобы:

-Біздің бейнебаянымыздың басты кейіпкері – Батыр, қазір түсірілім алаңында жұмыс істеп жатыр. Келесі бейнебаян кейіпкері – Әділжан, сөйтіп кезек-кезек боламыз.

«Ринго» таспалап жатқан туындының атауын әлі қоймаған. Әзірге әнді «Алло» деп шырқап жүрген бойзбенд, бұл бейнебаянда да кезекті махаббат хикаясының кейіпкерлері атанбақ.

«Ринго» тобы:

-Енді, әрине барлық әндеріміз көбінесе махаббат жайлы. Сондықтан, осы бейнебаян сюжеті де махаббат жайлы болады. Бір қыз әннің тақырыбы бойынша бізге көңіл бөлмейді, қарамайды. Біз сол керемет арудың махабатын жаулауға тырысып жүреміз.

Сезімді әнмен жеткізе білетін «Ринголықтар», мұнымен шектеліп қана қоймай, тағы бір лирикалық трекке клип түсірген. Жаңа туындыларын, олар қазан айында ұсынбақ.