Хайди Клум тұрмысқа шықпақ

Сообщить о проблеме с эфиром

Танымал жұлдыз Хайди Клум да, жеке өмірін құпия ұстағанды жөн көреді. Қазіргі таңда, үш бала тәрбиелеп отырған актриса, сүйіктісі - музыкант Том Каулитцке тұрмысқа шықпақ!

45-ке келген сәнбике Хайди Клум, «Tokio Hotel» тобының гитарашысы – 29 жасар Том Каулитцпен жарты жылдан бері бірге. Музыкант Хайдидің балаларымен де танысып, достасып үлгерген. Жақында ерлі-зайыпты атанатын жұлдыздар, біраздан бері бір шаңырақ астында тұрады екен.

***

Дженнифер Лоуренс те, сүйіктісін Лос-Анджелестегі үйіне бірге тұруға шақырған. Актриса, көркемөнер галлереясының қожайыны - Кук Маронимен көңіл жарастырған еді. Ал, Лоуренс ханымның жақындары, қарым-қатынастарына небәрі 2 ай болған жұптың, бұл шешіміне қарсы көрінді. Алайда, Кук ешкімнің сөзіне құлақ аспай Дженнидің үйіне көшіп барған.

***

Дакота Джонсон ғашығын жұрттан жасырғанымен, оған деген көңілі көптен бері ешкімге құпия емес. Музыкант Крис Мартинмен сөз байласқан актриса, сезімінің дәлелі ретінде денесіне тату салдырған. Екеуі «шексіздік» белгісі бейнелеген суретті, бір-бірінің махаббатының құрметіне арнапты.