Роберт Паттинсон жабайы батыс қызына ғашық!

Сообщить о проблеме с эфиром

Кино әлемінде де жаңа тұсаукесерлер дайын. Роберт Паттинсон «Бикеш» драмасында ғашығын іздеуге аттанса, Киану Ривз криминалды лентада, Ресей елінің тыңшысына айналмақ. Қыркүйек айында тамашалауға болатын фильмдер тізімін тілшіміз таныстырады.

Ағайынды режиссерлер: Дэвид пен Нэйтан Зеллнер ұсынған «Бикеш» картинасы, жылата да, күлдіре де алатын вестрн жанрында болмақ. Өзін жаңа образда байқап көрген Роберт Паттинсонға, бұл жолы Пенелопа есімді қызды, бұзақылардан құтқару миссиясы бұйырмақ. Жабайы батысқа сапар шеккен ғашық кейіпкердің хикаясы, қыркүйек айының 13-інде үлкен экрандарда.

Америкалық атыс-шабысқа толы «Кәсіпқой\Профессионал» фильмінде, актер Киану Ривз Ресей елінің Сібір өңіріне асыл тастар үшін аттанады. Алайда, тыңшы жігіт серіктестерінің сатқындығынан, енді жат елде аман қалудың амалын іздемек. Картина, 27-ші қыркүйекте көрерменге жол тартады.

Дәл сол күндері жарық көретін ресейлік «Непрощенный/Күнәһар» драмасында басты кейіпкерді сомдау – актер Дмитрий Нагиевке бұйырған. Картинада, әуе апатында отбасынан айрылған инженердің өмірі баяндалады. Жақындарының өлімінің кездейсоқтық екеніне күмәні оянған жігіт, ақиқатқа түбінде жетемін деп басын қатерге тігеді.