«Мэдмэн» ұжымында камбэк!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Мэдмэн» бойзбендінің әр қадамын жіті қадағалап, желідегі жаңалықтарын тағатсыздана тосатын тыңдармандарға жақсы хабар. Соңғы кездері көпшілік көзінен алшақтаған жігіттер, жуырда жойқын камбэк жасауға ниетті.

Жуырда «МэдМэн» тобының репертуары су жаңа туындымен толыққан еді. Бұрын бейнебаяндарын туған жерде таспалап жүрген жігіттерге, бұл жолы шекара асуға тура келіпті. Бүгінде, кью-поп өкілдері мен айыр қалпақты ағайындардың бірлескен жұмысы монтаждалу үстінде.

«MadMan» тобы:

-Қазақстанда да түсірумізге де болатын еді. Қазақстандағы барлық түсіретін жерге басқа әртістердің барлығы түсіріп қойған. Сондықтан да, біз Қырғызстанға барып, Бішкек қаласының әдемі жерлеріне түсірдік.

Лал-алем»! Су жаңа клип дәл осы трекке түсірілген. Бұл бойзбенд өзге ұжымдардан басты ерекшелігін, жаңа бейнебаянда толықтай суреттеп бермек.

«MadMan» тобы:

-«Лал-Алем» деп қойған себебіміз, ол өзіміздің музыкалық әлемді сипаттадық. Сондықтан да солай қойдық. Өзіміздің әлемге ат қойдық.

Бестіктің фан-домы - «Ессіз толқындар» деп аталады. Топ жанкүйлерлері, үш ай үнсіздікке кетсе де, кумирлерінің әр қадамына көзден таса қылмаған. Бірақ, «Мэдмэндік» жігіттер менмендік танытқан емес...

«MadMan» тобы:

- Шымкент қаласында бір пәтерде тұрғанбыз. Сол жерде бізді аулада танып қойған. Сол кезде біздің пәтерді біліп қойып, міне сіздерге деп тәттілер деп бер тұр.

«Мэдменнің» жаз бойы атқарған істері мұнымен шектелмейді. Алдағы уақытта бұл ұжым тағы бір жаңа жобасының тұсауын кеспек.

«MadMan» тобы:

-Үш ай бойы біз тек бейнебаян үшін, осы камбэкқа дайындалған жоқпыз. Содан кейін жақында реалити-шоу болады. Біз және тағы бір адамның идеясы. Сондықтан да бірге ойластырып шештік, осындай реалити-шоу шығарамыз деп.

Ал, «Лал-алем» бейнебаяны жақын күндері жанкүйерлер назарына ұсынылады.