Әлемдік жұлдыздар сән апталығында бас қосты!

Сообщить о проблеме с эфиром

Карди Би, Лил Ким, Ники Минаж. Ең эпатажды әлемдік жұлдыздар Нью-Йорктегі фэшн уикте кездесті. Танымалдардың бір тобы сән сахнасында төбе көрсетуге арнайы келсе, қалғандары жаңа образ таңадауға кіріскен. Ал, дизайнерлердің айтуынша, маусым тренді қандай?

Фешн шарада алғашқылардың бірі болып Карди Би төбе көрсетті. Қара түсті көйлек киіп, ірі әшекей бұйымдарымен көзге түскен ару, Том Фордтың топтамасын тамашалауға келген еді.

Көктем-жаз маусымына арналған киім үлгілерін ұсынған дизайнер болса, бұл жолы қара, ақ, ньюд реңктеріне басымдық берген. Том Фордтың топтамасынан, жұлдыздар нәзік көйлектер мен былғарыдан жасалған киімдерді тамашалай алды. Ал, бұл кештегі сән сахнасының жарық жұлдыздары Кая Гербер мен Джиджи Хадид болды.

Әнші Лил Ким болса, әсемдік салтанатының сахнасынан табылды. Оған VFiles-тың топтамасын таныстыру мәртебесі бұйырған еді.

Фэшн уикте жиылған жұрт назарынан Ники Минаж да кенде қалмады. Рэп орындаушысының келгені сол еді, папарацци өкілдері аруды бірден бас салды.

Том Фордтың ізін ала Тадаши Сёдзи су жаңа үлгілерін жұрт назарына ұсынды. Жапондық танымал дизайнер киімдерін «кеңістік» тақырыбына арнапты. Сондықтан болар, көйлектері аспан мен ғарышты еске түсіреді.

Тадаши Сёдзи, дизайнер:

-Топтамамда таңның атуы мен күннің батуын, аспан мен айды байқай аласыз. Маған, осылай өз ойымды маталар мен түстер арқылы жеткізген ұнайды.

Тадашидың киім тігудегі бұл тәсілі көпшілік жұлдыздардың көңілінен шығып үлгерген. Себебі, жапон дизайнерінің көйлектері Хелен Миррен, Кэти Пери, Оскар иегері Октавия Спенсер сынды танымалдар арасында үлкен сұранысқа ие.