Дрейктің сезімін қабыл алмаған сәнбике кім?

Сообщить о проблеме с эфиром

«Forbes» журналының «ең бай рэпер орындаушылары» тізіміне енген Дрейк болса, арулардың жүрегін жаулай алмай жүр. Тіпті, музыкант танымал сәнбике Хайди Клумға сезімін білдіріпті. Актриса болса, серінің көңілін қайтарып тастаған.

45 жасқа келген Хайди Клум, өзінің сүйіктісі - музыкант Том Каулитцпен бақытты. Алайда, Томмен қол ұстасқан сәнбикеге, Дрейк өз сезімін ашық білдіруден тайсалмаған. Клум бикеш болса, атақты рэпердің, кеш қалып қойғанын жеткізіп, енді мазаламауын өтініпті. Себебі, актриса қазіргі ғашығы Каулитцпен сөз байласып қойған.

***

Крис Прэтт болса, өзінің ғашығын отбасының мүшелерімен таныстырған. Танымал жұлдыз, Арнольд Шварценеггердің тұңғыш қызы - Кэтринмен жарты жылдан бері көңіл жарастырып жүр. Крис өзінің туған-туысымен Калифорнияда арнайы басқосу ұйымдастырып, бәрі бірге уақыт өткізген. Актер, енді Арни мырзаның қызын айттырып бармақ ниетте екен.

***

Махаббатты қайта тұтанған Белла Хадид пен The Weekend бір-біріне деген сезімін, әлеуметтік желі арқылы жасырмай-ақ жеткізіп жүр. Бұл шарасыздықтан туған қадам болып шықты. Табысқан экс-ғашықтардың жұмыс кестелері тығыз болғандықтан, үнемі көрісіп, бірге болуға уақыттары жетпейтін көрінеді.