Qaraberі НТК-да! Алуа Қонарова хип-хоп жобадан іздегенін тапты ма?

Сообщить о проблеме с эфиром

Әрдайым ерекше образдарымен есте қалатын «Ninety one» мемберлері болса, жаңа жобаға дайындалуда! Дәл бір аптадан кейін НТК арнасынан «Qaraberi» бағдарламасы көрерменге жол тартпақ. Әйгілі продюсер Алуа Қонарова бұл бұрын-соңды болмаған, отандық телетуынды екеніне сенімді.

«Qaraberi» тек «Найнти уан» мемберлерінің есімін танытуға бағытталмаған. «Жобаның қоғамда алар орны ерекше болмақ», - дейді Ерболат Беделхан. Сөзінше, ең әуелігі мақсат - шығармашыл жандардың басын біріктіру.

Ерболат Беделхан, продюсер:

Үлкен бір кермет жастық шақтың энергиясы болады. Соны жастар қайда жіберетінін білмейді. 3.42 Ал, енді бұл энергияның барлығын дұрыс жақа бағыттасақ, өзіміздің тілімізді насихаттасақ, және де сол балалар осы арқылы өз жолын таба алады.

Жаңашыл жастардың ішінен өз өнерімен Қонарованы да тәнті еткендер бар. Жобаға продюсер ретінде қатысқан Алуа, рэп жанрына баяғыдан жақын көрінеді. Сондықтан оған, қазылық ету еш қиындық тудармаған.

Алуа Қонарова, продюсер:

Поп орындаушылармен жұмыс істесем де, хип-хопқа да қызығамын. Плейлистімде батыстық рэперлердің әндері жетерік. Ал, соңғы кездері тіпті қазақ рэперлерінің әндерін де тыңдап жүрмін.

Еске салсақ, «Qaraberi»-нің жеңімпазы жұлдызды продюсерлердің бірімен келісім шартқа отырмақ. Үміткерлер жобаға Қазақстанның әр аймағынан арнайы келіп, қатысқан болатын.

Ерболат Беделхан, продюсер:

Бізде 25 жыл бойы енді қалай атсам, бұндай көше өнеріне, тілге, жаңа ырғаққа назар аудармаған. Демек, қазір уақыты келген сияқты, сәті келген сияқты. 04.18 «Қара бері» жобасының маңызы өте үлкен. Тек қана бір жоба ретінде қарамаңыздар, бұл тек бастамасы.

Елімізде бұрын-соңды болмаған «Qaraberi» хип-хоп жобасы, қыркүйектің 21-нен бастап көрерменге жол тартпақ!