UFC чемпионы Тайрон Вудли – әнші!

Сообщить о проблеме с эфиром

Жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы Тайрон Вудли, өзінің музыкалық қабілетін сынап жүр. Танымал спортшы, америкалық рэпер Уиз Халифамен бірігіп дуэт орындаған. Аралас жекпе-жек шебері енді рэп әлемін бағындыра ала ма?

Тайрон Вудли спорттан бөлек, музыка жазумен бала күнінен айналысытын көрінеді. Енді тректерін тыңдармандарға ұсынуды жөн көрген файтер, өзінің алғашқы "I'll Beat Yo Ass" әнін, рэпер Уиз Халифамен бірлесе орындаған. Бұл тректің жарыққа шығуына музыкант T-Dubb-O да өз үлесін қосқан екен.

***

Ал әнші Зейн Малик сүйіктісі Джиджи Хадид үшін, Англиядағы үйін сатып, Нью-Йоркке біржолата көшіп келмек. One Direction тобының экс-солисі, саудаға қойған баспанасын төрт жарым млн долларға бағалаған екен. Қазіргі таңда, Манхэттенде пәтер жалдап тұрып жатқан музыкант, ғашығы Джиджи Хадидке жақын болу үшін барын салуда.

***

Рэпер Дрейкке, бір ғана әлеуметтік желі аздық етіп жүр. Музыкант өзінің «Scorpion»\скорпион альбомының құрметіне арнап екінші аккаунт ашты. Енді әнші, шығармашылығындағы тың жаңалықтарымен осы парақшасы арқылы бөлісіп тұрмақ. Рэпердің фанаттары үшін бұл қуанышты жаңалық!