НКТ телеарнасы жаңа маусымда қалай таңқалдырмақ?

Сообщить о проблеме с эфиром

НКТ телеарнасы бет-бейнесін жаңаша түстермен көркемдеу арқылы, көрерменнің көңіл-күйін басқаша безендірудің әдісін тапты.

Арнамыздың логотипі түрленіп, сіздерге ұсынатын телеөнімдеріміздің қатары де көбейе түскенін байқаған боларсыздар? Жаңа маусымдағы жағымды жаңалықтар мұнымен шектелмейді.

Мысалы, әзілмен өрілген «Ауылдастар» телехикаясының үшінші маусымы экранға жол тартпақ. Сонымен қатар, «Қарабері» музыкалық реалити-шоуы өз көрерменін таңқалдыруға дайын. Әйгілі «Патруль», махаббатты жырлайтын «Шыда жүрек» пен «Чужие грехи» сериалдары да НТК атты жәрмеңкенің ажарын аша түспек.

Телеаудиторияның талғамын дөп басып, сіздің сұранысыңызды әркез қанағаттандыру үшін, жарқын түстермен боялған «НТК» арнасы қызметін осылай жалғастыра бермек!