Жаңа релиздар

Сообщить о проблеме с эфиром

Джастин Бибер де су жаңа трек ұсынды. Музыкант бұл жолы хип-хоп орындаушы Лил Уэйн, рэпер Фрэнч Монтанамен трио құрған. Танымал өнерпаздардың туындылары қаншалықты сәтті шықты?

«Just Chill» тың трегі Лил Уэйннің жаңа альбомына кірмек. Музыканттар бұл әуенге енді бейнебаян таспалауды жоспарлап отыр.

Джастин Бибер жеке өміріндегі жаңалықтарға қарамастан, сүйікті тыңдармандарын да ұмыт қалдырмады.

Пост Малоне де «Fuck The Internet» атты әнін жарыққа шығарды. Америкалық хип-хоп орындаушы бұл әуенді, ғаламторға тәуелді жандарға арнаған.

Эминемнің де күні кеше жарық көрген «Killshot» атты трегі, тәулігіне 36 200 000 рет тыңдалып, рекорд орнатты.

Бұл туынды, BTS-тің «IDOL» әнімен, Тейлор Свифттың «Look What You Made Me Do» хитінен кейін үшінші орында тұр.