Кунг-Фу Панда «Даңқ аллеясында» жұлдызға ие болды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Кунг-Фу Панданың дауысын салған Джек Блэк «Даңқ аллеясында» арнайы жұлдызға ие болды! Әйгілі актер бұл сәтті ұзақ күткендей!

Джек Блэк, актер:

- Жұлдызды алдым, енді зейнетке кетем! Уақытым көбейді. Бұдан-былай өзіме көңіл бөліп, салмақ тастауға да болады.

Дәл осылай, өз сөзін әзілге айналдырған өнерпазды қуанышты сәтімен құттықтауға Том Роббинс, Ричард Линклейтер келген еді.

Джек Блэк, актер:

-Достарым мен барша жанкүйерім өмірімнің бір бөлшегіне айналғанын қалайтынмын. Барлықтарыңызға жанынмнан табылғандарыңыз үшін, рахмет!

Көзі қарақты көрермен болса, Джек Блэктың кинодағы қолтаңбасын «Кинг-Конг, Джуманджи» картиналары арқылы жақсы таниды.

Сондай-ақ, актер «Кунг-фу Панда», «Мұз басу дәуірі» сынды мультфильмінің кейіпкерлерін дыбыстаған еді.

Джектың төбе көрсеткен ең соңғы картинасы - «Сағаты бар үйдің сыры». Онда өнерпаз, «Оскар» жүлдегері Кейт Бланшетпен бірге басты рөлді сомдайды.