«Капитан Марвел» фильмі жарық көреді!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Оскар» марапатының жүлдегері - актриса Бри Ларсон, көптен күткен «Капитан Марвел» картинасының алғашқы трейлерін ұсынды. Айтулы блокбастердің режиссерлық тізгіні, о бастан Анджелина Джолиге ұсынылған екен. Тіпті актриса еңбегіне 20 млн доллар сұраған.

Дегенмен, лентаға режиссерлық ету, Анна Боден мен Райан Флекке бұйырыпты. Себебі, Джоли уақыт тапшылығынан бас тартқан. «Марвел» компаниясы үшін, картина ерекше болмақ. Жоба авторлары, өзінің жаңа қаһарманын таныстырады. Басты рөлге, актриса Бри Ларсон таңдалыпты.

«Марвел капитаны» - сонау 1990 жылдарда, «Темір адамнан» бұрын пайда болған батыр қыз жайлы. АҚШ әуе күштерінің ұшқышы, ғарыштан жеткен құбыжықтардың әсерінен, ғажайып күшті иеленеді. Кейін ол жер шарын қауіптен құтқару дейтін ұлы миссия үшін қызмет етпек. Фантастикалық лента 2019 жылдың, наурыз айында тұсауын кеседі деп жоспарлануда.