Месси тағы бір рекордтың авторы атанды!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Барселона» шабуылшысы Месси де футболшылар арасындағы тағы бір тізімде көш бастады. Леонель күні кеше соққан голдарының арқасында, чемпиондар лигасының жаңа рекордын орнатқан еді. Аргентиналық жұлдызды аяқдопшының бұл көрсеткішін, енді кім қайталай алар екен!?
Биылғы чемпиондар лигасының алғашқы айналымы, Месси үшін үлкен жетістікпен басталды. «Барселона» қонақта «ПСВ» ұжымын 4:0 есебімен ұтқан ойында, каталондық команданың сұрмергені үш доп соққан болатын. Бұл көрсеткіші Леонельге чемпиондар лигасы тарихындағы, ең көп хет-трик жасаған футболшы атануына мүмкіндік сыйлады. Жалпы аргентиналық аяқдопшы бұл турнир аясында 8 мәрте хет-трик тіркеген екен.

Әлемнің ең қымбат аяқдошысы саналған Неймар, футбол жанкүйерлерінің мазағына айналды. «Ливерпуль» мен «ПСЖ» арасында өткен тартысты ойында, француздық клубтың шабуылшысы, өз қарсыласы Садио Манеден допты тартып алмақ боғанда сәтсіздікке ұшырады. «Ливерпуль» ойыншысы әдемі финтпен Неймарды оңай-ақ алдап кеткен болатын. 222 млн еуроға сатып алынған футболшының қорғаныста ойнай білмеуін,«ПСЖ» фанаттары да жан-жақтан айыптау үстінде.