Қайрат Нұртастың жаңа тендемі жұртқа жақпай қалды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Қайрат Нұртас жеке өмірін ойлап бас қатырмағанымен, әншінің шығармашылығында шикілік шықты. Отандық шоу-бизнестегі жас топпен түсірген клипі көпшіліктің сынына іліккен.

«Сен атқан таңдай»! Хитменнің «Алар» атты топпен шырқаған әніне тыңдарман тәнті болғанымен, олардың ортақ жұмысына көңілі толмаған. Желідегілердің жазбасына зер салсақ, әйгілі әнші мен жас өнерпаздардың дауысында үйлесімділік жоқ. Дуэтті сәтсіз деп бағалаған жұрт, жаңа видеоға кереғар пікір білдіруде...

-Бір шалалық бар сияқты. Қайрат өз дәрежесін түсіріп алмаса болар еді. Бұлар әлі жас, дауыстары да пісіп жетілмеген.

-Қайрат өзің айтшы, айналайын! Мыналар быт-шытын шығарды ғой!

Айта кетейік, бұрынғы «БН» үштігі, соңғы бір айда топ атауын өзгерткен еді. Яғни, бұл бейнебаян «Алар» ұжымы ретінде атқарған алғашқы жұмысы.