Лео ДиКаприоның шолақ шалбары әнге айналды!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Coldplay» тобының мүшесі Крис Мартин болса, Леонардо ДиКаприоге арнап ән шырқады. Музыкант, танымал актердің образдарын күлкіге айналдырған. Голливуд жұлдызы не себепті әзілдің арқауы болып жүр?

Леоның қысқа шолақ шалбарларды кигенді жаны сүйеді. Актердің мұндай образдары, музыкант Крис Мартинге жақпай қалған көрінеді. Ол тіпті, ДиКаприоның стиліне арнап ән де орындап берді. Леонардо болса, тректі тек әзіл ретінде қабылдаған.

***

Актер Бен Аффлектің ішімдікке салынып кетуінің сырын, інісі Кейси Аффлек ашып айтты. Кезінде Беннің ата-әжелерінің де маскүнемдікке деген құмарлығы болған екен. Танымал өнер иелері, барлығына тұқым қуалаушылық пен өмірдегі күйзеліс әсер еткен дейді. Ал, әйгілі «Бэтменнің» рөлін сомдаушы қазір де арнайы емделу орталығынан сауығып шыққан.

***

Канье Уэст болса, өзінің туған жері, Чикагоға қайта оралмақ. Рэпер отбасымен біге, Беверли-Хиллзден біржолта көшуді жоспарлап та қойыпты. Танымал жұлдыздардың, Лос-Анджелеспен қоса, Калифорнияда да жеке-жайлары бар. Ал, музыканттың жұбайы Ким, бұған еш қарсылығын білдірмеген.