«EQ» тобының фандомы»

Сообщить о проблеме с эфиром

Есболат Беделханнан түрлі қысым көрген «Блэк дайлдың» экс-мүшелері, бөлек кеткен соң «Екью» атты топты құрған еді. Бұл бойзбенд жуырда жаңа фан-домын да жариялады. Бір қызығы, жанкүйерлер армиясына берілген атау, жігіттердің бастан кешкен қиындықтарымен байланысты болып шықты.

-Бұлай жүре беруге болмайды. Бұл адамның құқығына нұқсан келтіру. Бұл моральдық тұрғыдан қарағанда қатты әсер етеді.

Тозығы жеткен пәтерде тұрып, қиын кезеңдерді бастан кешкен «Блэк дайлдың» экс-мүшелері, БАҚ өкілдеріне дәл осылай базынасын жеткізген-ді. Еркіндіктің дәмін енді татқан олар, бүгінде «EQ» тобын құрып, еңбек етіп жүр. Жұмысқа білек сыбана кіріскен Ескелді мен Самат таяуда топ фан-домын таныстырды.

«EQ» тобы:

-Біздің фандомымыздың аты «B.I.B»! Яғни, «бейбітшілік» деген сөзді білдіреді. Бұл арқылы біз бейбітшіліктің жаңа бір формасын көрсеткіміз келді. Олар әлемде де, Қазақстанда да, кью-попты да, музыкада да бейбітшілік болу үшін соны қаладық.

Бойзбендтің «бейбітшілік» сөзін ұран етіп бекітуі бекер емес. «Блэк дайл» құрамында өнер көрсеткен уақытта, олар бостандықты аңсағандарын айтады.

«EQ» тобы:

-Себебі бізде көптеген оқыс оқиғалар болды. Бірақ біз соған қарамастан, бейбіт өмірді таңдадық. Бңз ешқандай масқа тағып, өзгергіміз келмейді. Яғни, шындықты көрсеткіміз келеді. Ешкімді алдап қажет емес деп ойлаймын!

Есболатпен ат-құйрығын үзіскенімен, топтағы үзеңгілестерімен қарым-қатынас қаз-қалпында. Өйткені, өмірде достығы жарасқан өнерлі жігіттер, Беделханға дейін де бір-бірімен жақсы араласқан.

«EQ» тобы:

-Біз ол жігіттермен тек қана өнер үшін араласқан емеспіз. Бауыр ретінде араластық. Әлі күнге дейін сәлеміміз түзу. Сыйластығымыз ешқашан өшпейді. Оларға алғысымды айтамын. Бірге жұмыс жасағанымызға. Бәрі жақсы болады деп ойлаймын оларда!

Бүгінде кіші Беделхан «Блэк дайл» тобын таратыпты-мыс! Ал, ««EQ»-дегі екеу таяуда «Апта» атты жаңа видеоның тұсауын кеспек.