Qaraberi, көрермен!

Сообщить о проблеме с эфиром

Баян Мақсатқызы, Алуа Қонарова мен Ерболат Беделхан бүгіннен бастап бір-бірімен бәсекеге түспек! НТК арнасында көптен күткен

Qaraberi хип-хоп жобасы көрерменге жол тартпақ! Таңдаулды продюсерлер, рэперлерге әділ қазы бола алды ма? Өздерін тыңдап көрейік.

Дәл осылай елді елеңдеткен, ауқымды хип-хоп жоба өз жұмысын бастаған еді. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген үміткерлер және шоу-бизнесте беделі бар қатал қазылар. Енді, міне, айтуылы «Qaraberi» көрерменімен қауышуға әзір.

Ерболат Беделхан, продюсер:

-Жобаның мақсаты хип-хоп әлемінің Қазақстанда бар енкенін көрсету. Және оның бізге деген, қазақ тіліне деген, қазақ жастарының үлесі зор екенін көрсету. Және де 21-ғасырды біздің тілімізді жаңа, заманауи, жылам ағып жатқан уақытқа сай келтіру.

Елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған аталмыш жоба қатысушыларға ғана емес, қазылық алқасына да үлкен сын болғандай. Мәселен, Баян Мақсатқызы «Кешьюге» талай аруды мүдірей таңдап жүрсе де, «Qaraberi» -де шешім шығаруда аздап қиналған көрінеді.

Баян Мақсатқызы, продюсер:

-Хип-хоп жанрын жақсы білемін деп айта алмаймын. Сондықтан жобада жұмыс істеу, үміткерлерге баға беру қиын болды. Меніңше, отандастарымыз шетелдік рэперлерге теңесе алмайды. Себебі, бұл өнер шетелдіктердің қанында бар дүние. Біз мүлде бөлекпіз.

Баянға қарағанда, Алуа Қонарова - рэп жанрының жанкүйері болып шықты. Сондықтан, «Рингоның» продюсері әріптесінің бұл сөздерімен келіспейді.

Алуа Қонарова, продюсер:

-Қазақстандық андеграунд рэпке үлкен құрметпен қараймын. Тректерін, мәтінін, барлығын. Себебі, ол қазақ рэпінің бастауы. Меніңше, отандық хип-хоптың болашағы өте зор.

Көзі қарақты көрермен де, қазақ рэпіне өз бағасын бере алмақ. «Qaraberi» музыкалық хип-хоп жобасы 21 қыркүйектен бастап НТК арнасында!