«Астана» еуропа лигасы аясындағы алғашқы ұпайына қол жеткізді.

Сообщить о проблеме с эфиром

Еуропа Лигасының топтық кезеңінің алғашқы матчында, «Астана» сырт алаңда «Динамо Киевпен» тең түсті.

Елордалық футболшылар ойын барысында ұтылып жатып, тек ақырғы минуттарда тең есеп тіркей алды. Украиндық азулы команда сапынан 11-ші минутта Виктор Цыганков шірене теуіп есеп ашса, 21-ші минутта «Астаналық» Марин Аничич қарымта гол соқты.

Алғашқы таймның соңында қақпашымыз Ненад Эрич өрескел қателік жіберіп, «Киветік Динамо» аяқдопшысы Денис Гармаш оны тиісінше жазалады. Матчтың тізгіні алаң иелерінің қолында болғанымен, «Астана» қарымта шабуылдап мінезін көрсете білді. 95-ші минутта Роман Мұртазаевтың баспен тамаша бағыттаған добы голға айналды. Жалпы есеп 2:2! Қос командада бір-бір ұпайдан.